«Сот жүйесінің дәл қазіргі уақыттағы жеткен басты биігі - халықтың сотқа деген сенімінің артуы. Сондықтан да сот жүйесін одан әрі жетілдірудегі басым бағыттардың бірі және бірегейі -соттың ашықтығы, жариялығы, халық пен сот арасында екіжақты байланысты бекемдеу болып қала бермек», - деп атап өтті Жоғарғы Сот төрағасы журналистермен кездесуі барысында. Сонымен қатар Төраға сот жүйесіндегі жеткен жетістіктерге тоқтала келе, ең бастысы - Президент Н. Назарбаев айқындаған бағыттағы шараларды одан сайын жаңғырту жұмыстары жалғасатынын атап өтті. «Қазақстан судьялар одағымен де ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Осының өзі Қазақстанның судьялар қауымдастығына Халықаралық судьялар ассоциациясына мүшелікке ұмтылуына зор мүмкіндік береді», - деп атап өтті Б. Бекназаров.
17:12, 28 Шілде 2011
Қазақстанның судьялар одағы Халықаралық судьялар қауымдастығына мүшелікке ұмтылады -Жоғарғы Cот төрағасы
ТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанның судьялар одағы Халықаралық судьялар қауымдастығына мүшелікке ұмтылады. Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров журналистермен өткізген бірінші ресми баспасөз мәслихатында мәлім етті.