Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында министрліктің төтенше оқиғаларды жою департаментінің директоры Диханбек Сатылғанов мәлім етті.
Оның хабарлауынша, шомылу маусымы басталғалы бері (1 маусым ) ашық су айдындарында 143 адам суға кеткен, олардың тоғызы - балалар. Өткен жылы бұл статистика - 284 адамды құраған. Д.Сатылғановтың айтуынша, бұл қайғылы оқиғалардың басты себебі - адамдардың мас болып және шомылуға арналмаған жерлерде суға түсуі.
Қазақстанда 80 мыңнан астам ашық су көзі бар, ал шомылуға арналған орын - 821. Д.Сатылғановтың айтуынша, керек-жарақпен жабдықталған, су көзі мен жағалау аумағы әбден тексерілген ондай арнайы аумақтарда судағы құтқару қызметінің бекеттері кезекшілік атқарады.