«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізілуде. Қазіргі уақытта халықаралық сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы ең тиімді заңнамалардың бірі деп танылды», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Осы орайда Елбасы соңғы екі жылдың ішінде қырықтан астам республикалық деңгейдегі басшылар, облыстық және қалалық ауқымдағы 250-ден астам лауазымды адамдар, оның ішінде, 39 әкім мен олардың орынбасарлары қылмыстық жауаптылыққа тартылғанын айтып өтті.
«Үш жылдың ішінде еліміз әлемдік сыбайлас жемқорлыққа қарсы рейтингте өзінің көрсеткіштерін бірден 45 тармаққа жақсартты. Осы индекс бойынша біз барлық ТМД елдері аясында үздік орындамыз. Бұл жұмыстар бұдан әрі де жалғасатын болады», - деп түйіндеді Н.Назарбаев.