Қазақстанның сыртқы істер министрі Қытайға сапар жасайды

БЕЙЖІҢ. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ян Цзечидің шақыруы бойынша ақпанның 22-24-і аралығында Қытайға ресми сапар жасайды.

Бұл туралы, бүгін, ақпанның 22-сінде Бейжіңде Қытайдың сыртқы саясат ведомствосының ресми өкілі Цинь Ган мәлім етті.

Бұл Қанат Саудабаевтың 2009 жылдың қыркүйек айында Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалғаннан бергі Бейжіңге жасап отырған алғашқы ресми сапары.