Қазақстанның сыртқы сауда айналымы азайды - Статистика агенттігі

АСТАНА. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында еліміздің сыртқы сауда айналымы 56588,2 млн. АҚШ долларын құрады.

Бұл өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда  39,6 пайызға азайып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Статистика агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, экспорт 46 пайызға, ал импорт 26,7 пайызға төмендеді. Ал еліміздің ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы ішкі өнімнің көлемі 1482,7 млрд. теңгені құрап, 10,6 пайызға артып отыр. Бірақ жүк айналымының көлемі 10 пайызға түсіп кеткен.