«2013 жылдың қаңтар-тамызында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 85 млрд. 935,3 млн. долларды құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 пайызға төмендеді. Оның ішінде экспорт 5,1 пайызға қысқарып, 55 млрд. 213,7 млн. долларды, импорт 5,7 пайызға кеміп, 30 млрд. 721,6 млн. долларды құрады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, ағымдағы жылдың 9 айында бөлшек сауда көлемі 3 трлн. 511,9 млрд. теңгені құрап, 2012 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 12,7 пайыз өсім көрсетті. Ал осы жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі көтерме сауда көлемі 9 трлн. 702,2 млрд. теңгеге жетіп, өсім 12,5 пайызды құрады.