Қазақстанның сыртқы саясаты өңірлік, жаһандық қауіпсіздікті жан-жақты нығайтуға бағытталатын болып қала береді - Елбасы

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанның сыртқы саясаты өңірлік, жаһандық қауіпсіздікті жан-жақты нығайтуға бағытталатын болып қала береді.

Бүгін Ақордада Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссия басшыларымен кездесуі барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Қазақстан өзінің көршілерімен - Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия және ТМД елдерімен әріптестікті дамытуды ұстанады. Орталық Азиядағы көршілеріміз әрқашан біздің сыртқы интеграциялық және экономикалық саясатымыздың тірегі болып қала береді. Біз АҚШ пен ЕО, Азия мемлекеттерімен стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыта түсеміз. Африка және Латын Америкасының басты мемлекеттерімен кең ауқымды өзара тиімді қарым-қатынасар орнатудың жақсы перспективалары ашыла түседі», - деді Елбасы.