«Құрметті әріптестер, бауырлас Әзербайжан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Гүлдену мен өркендеу тілейміз!» делінген еліміздің сыртқы саяси вдеомствосының Twitter парақшасындағы хабарламада.
Айта кетейік, бүгін - Әзербайжан елінің Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1991 жылы 18 қазанда «Әзербайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі» конституциялық шарт қабылданған.
Әзербайжан - Кавказдың оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде - Ресеймен, солтүстік-батысында - Грузиямен, оңтүстік-батысында - Армения және Түркиямен, оңтүстігінде - Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі.
Астанасы - Баку. Мемлекеттік тілі - әзербайжан тілі.
Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 27 тамыздан бастап орнаған.