Екатеринбург қаласында өткен жекпе-жек кезінде Дәукенов қарсыласын бірден тақсырта алды. Ал екінші раундта Дәулет өз шабуылдарын үдетті. Абдуллаев қорғаныстан шыға алмай, ара-тұра соққы жасап, қашып жүрді. Бұл раундтан кейін ресейлік боксшының бапкерлері жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.