20:36, 16 Наурыз 2009
«Қазақстанның таңдаулы адамдары» энциклопедиясының сүйінші данасы жарыққа шықты
АСТАНА. Наурыздың 16-ы. ҚазАқпарат – Халық дәулеті мен кез келген мемлекеттің құндылығы адамдар күшімен, олардың білімі мен еңбексүйгіштігі, шығармашылығы және белсенділігі арқасында жасалады, елдің, аймақтың, саланың күрделі даму мәселелерін табысты шешетін де, олардың басымдылығын белгілейтін де осы – адамдар.
«Қазақстанның таңдаулы адамдары» энциклопедиясы дәл осындай адамдар туралы, олардың түрлі салалардағы табыстары мен ерекше жетістіктері туралы әңгімелейді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа ресейлік «Спец-Адрес» баспаханасының баспасөз қызметінен.«Қазақстанның таңдаулы адамдары» энциклопедиясын шығарудағы басты мақсат ? республиканың аса көрнекті азаматтары туралы өмірбаяндық ақпараттар мен тұрақты жаңартылатын және салыстыра тексеріліп отыратын анықтамаларды ұсыну жолымен Қазақстан Республикасының жетістіктерін; барлық деңгейдегі басшыларды, мәдениет, өнер және ғылым қызметкерлерін, кәсіпкерлер мен еңбекшілерді, сондай-ақ, мемлекет экономикасын дамытуға өз үлестерін қосқан және Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі ең дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіру тапсырмасын орындау мақсатына жетуге жағдай жасай алатын табысты кәсіпорындар мен мекемелерді барынша насихаттау болып табылады. Энциклопедия таңдаулыларды мадақтамайды, керісінше, аса көрнекті адамдардың табысқа жетудегі жолының қыры мен сырын ашып көрсетеді, өзінің рухани және кәсіби бағытын іздегендер үшін мұның әсері болары сөзсіз.Осы аптада оның барлық таралымы басылып шығады.