Қазақстанның танымал жыршылары мен термешілері Астанада өнер көрсетеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы 23 желтоқсанда сағат 19.00-де «Астана» концерттік залында өтетін «Ғасырлар жырлайды» концертіне шақырады.

Концерт бағдарламасында Астана, Ақтөбе, Ақтау, Қызылорда, Талдықорған, Маңғыстау қалаларының танымал жыршылары мен термешілері қатысады. Бұл туралы Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасынан хабарлады.

Іс-шарада Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының дәстүрлі халық ән бөлімінің әртістері: Жақсыкелді Маясаров, Зульфия Баймұрзаева, Перизат Тұрарова, Жазгүл  Данылбаева, Сәкен Сыздык, Жалғас Сұлтан  сондай-ақ басқа облыстардан келген Шолпан Бейтімбетова, Макпал Тоқтағанова, Елдос Жұмағұлов, Жансерік Сейтіков және т.б. әртістер өнер көрсететін болады.