Концерт бағдарламасында Астана, Ақтөбе, Ақтау, Қызылорда, Талдықорған, Маңғыстау қалаларының танымал жыршылары мен термешілері қатысады. Бұл туралы Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасынан хабарлады.
Іс-шарада Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының дәстүрлі халық ән бөлімінің әртістері: Жақсыкелді Маясаров, Зульфия Баймұрзаева, Перизат Тұрарова, Жазгүл Данылбаева, Сәкен Сыздык, Жалғас Сұлтан сондай-ақ басқа облыстардан келген Шолпан Бейтімбетова, Макпал Тоқтағанова, Елдос Жұмағұлов, Жансерік Сейтіков және т.б. әртістер өнер көрсететін болады.