деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы! Алдағы уақытта өзіңіз бастап келе жатқан Тәуелсіздікке 20 жыл толады. Енді осы Тәуелсіздік тарихын халыққа, әсіресе, жас ұрпаққа жан-жақты әрі тереңдей түсіндіретін кез келді. Бүгінде жастардың тәуелсіз санасын қалыптастыратын уақыт жетті. Сондықтан ел егемендігінің 20 жылдығы қарсаңында Тәуелсіздік тарихын насихаттайтын кешенді бағдарлама әзірлеу қажет. Бұл бастаманы жүзеге асыратын еліміздегі мұражайлар болуы тиіс. Ол үшін отандық мұражайлардың мәртебесін мәдени-ғылыми зерттеу мекемесі дәрежесіне көтеру керек»,-дейді мұражай қызметкерлері.
Сондай-ақ хатта шетелден келетін азаматтардың, ең бірінші, мұражайға баруды қалайтындықтары туралы айтылып, еліміздегі мұражайлар ғимараттарының ескіріп жатқандығына баса назар аударылады.