Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, аталмыш ұшақты жаңазеландиялық «СП Трейдинг ЛТД» компаниясы жүк тасымалдау үшін жалға алған. «Ұшақтың экипажындағы 4 қазақстандық пен беларустық 1 азаматты «Айр Вест ЛТД» компаниясы ұшақта қызмет көрсету үшін жалдаған және бұл шара халықаралық нормаларға сәйкес. Қазіргі таңда Қазақстанның дипломатиялық миссиясы қазақстандықтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін арнайы жұмыстар жүргізуде. «Әзірге қазақстандықтарға қандай да бір айып тағылатыны жөнінде айтуға ертерек. Өйткені, бүгін Тайландтың полицейлері сот органдарынан ұсталғандарды қамауға алу мерзімін тағы 12 күнге ұзартуды сұраған», деді баспасөз хатшысы.