Қазақстанның телеарналары әлемдік стандарттар деңгейінде жұмыс істейтін болады

АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы­­­ның орынбасары Бағлан Майлыбаев «Қазмедиа орталығы» телерадиокешені мен мемлекеттік республикалық телеарналар жетекшілерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында телеарналардың Телерадиокешен ғимаратына қоныс аудару кестесін жүзеге асыру және олар­дың мате­риалдық-техникалық ресурс­та­рының дай­­ындығы мәселелері талқыланды.

Телерадиокешенге «Хабар агент­ті­гі» АҚ, «Қазақстан» РТРК», «Мир» ХТРК мен «Еуразия ОРТ» телекомпаниясы орналасатын болады. Сондай-ақ, Телерадиокешен базасында үстіміздегі жылы  «Білім» және «Новости 24» екі жаңа арна шығару жос­парланған.

Телерадиокешен мемлекеттік тарату ком­­­­паниялары үшін басты техноло­гиялық алаң болады және сапалы әрі бә­се­кеге қабілетті медиаконтент өндірісіне деген барлық ағым­дағы және келешек­тегі сұра­нысты қана­ғаттандырады.

«Қазмедиа орталығы» телерадио­ке­шені Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған.

Кешен керемет мультимедиалық жо­ба болып табылады. Оған жаңалық­тар, ток-шоу, сериалдар түсіру, дыбыс жазу, дубляж жасау, радио тарату жұмыстарын дайындау үшін 24 студия орналастырылады. Орна­­­тыл­ған жаб­дық­тар микрофон­­­дарды, камераларды, монтаждау пульт­те­рін, жарықтан­дыруды, дыбыс жүйеле­рін, т.б. қоса алғанда толықтай жи­­­нақ­­­­тал­ған технологиялық желі болып табылады.

ТРК-нің жоғары сыныпты тех­ни­ка­лық жарақтандырылуы оны тек Ор­талық Азия және ТМД елдері ғана емес, сонымен қатар әлемдегі де ең же­текші жабдық­тар қата­рына жатқызуға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде мұнда құрал-жаб­дық­тар­ды дайындау мен телеарналар персоналын әлем­дегі ең заманауи телек­ом­муника­ция­лық және телевизиялық жаб­дық­тарда жұ­мыс істеуге оқытып, үйрету үдерістері аяқталып келеді.