Тексеру процедурасы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және террористік әрекеттердің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап іске қосылады.
«Тексеру процедурасы еліміздің вокзалдарында кезең кезеңімен енгізіледі. 1 ақпаннан бастап Алматы-1 мен Алматы-2, 1 сәуірде Астана вокзалында, ал қалған 13 теміржол вокзалдарында 1 маусымда ұйымдастырылады. Осыған байланысты 56 тексеруге арналған жабдық кешені сатып алынды», - деді ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдік желі дирекциясының Вокзал шаруашылығы департаментінің директоры Жұбан Көрпебаев.
Оның айтуынша, бұл орайда тексеріс өтіп, пойызға кешікпеу үшін жолаушылар вокзалдарға алдын ала келулері қажет.