Қазақстанның төрағалығы кезеңінде ЕҚЫҰ аймақтағы ықпалдастық үдерістерді нығайту жөніндегі жұмысты күшейтуде - Қ.Саудабаев

nbsp;ДУШАНБЕ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Қазақстанның төрағалығы кезеңінде ЕҚЫҰ аймақтағы ықпалдастық үдерістерді нығайту жөніндегі жұмысты күшейтуде, деді ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Душанбеде Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен болған келіссөзден кейін.

Ол сондай-ақ, ЕҚЫҰ-ның туындап отырған еларалық проблемаларды шешуге назарды күшейтіп отырғанын атап көрсетті. «Ең бастысы, Қазақстан қазіргі төраға ретінде, ЕҚЫҰ-ның жалпы білім бағдарламалары бойынша жұмыстарды, атап айтқанда біздің өңірде Ауғанстан үшін және өз мұқтаждығымыз үшін де кадрлар дайындау жөніндегі жұмыстарды күшейтеді», деді Қ.Саудабаев.