Қазақстанның төрт облысында жол жабық

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қаңтардағы жағдай бойынша ҚР облыстарындағы республикалық маңыздағы жолдарда көліктердің қозғалысына қойылған шектеулер сақталады, деп хабарлайды «Қазақавтожол» РМК.

Осылайша, Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына (қар, боран, көктайғақ) байланысты Ақтөбе қаласының «Солтүстік айналма жол» (0-39 шақырым) жолында бұрын енгізілген көліктің барлық түріне жол қозғалысын шектеу сақталады.

Қоғамдық және жүк көліктеріне шектеу «Ақтөбе-Орск» 16-135 шақырым, Путепровод кентінен РФ шекарасына дейінгі учаскеде сақталады.

Алматы облысында ауа райының нашарлауына (боран, жолдың көрінбеуі) байланысты «Үшарал-Достық» 83-184 шақырым, Көктума кентінен Достық кентіне дейінгі учаскеде көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді.

Сағат 18.45 Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Екатеринбор-Алматы» а/ж 686-729 км. Сарыкөл кентінен СҚО шекарасына дейінгі учаскеде көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді.

СҚО-да сағат 17.30 ауа райының нашарлауына байланысты келесі автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысы үшін шектеулер қойылды:

1. «Көкшетау-Рузаевка» 102-192 шақырым, Саумалкөл ауылынан Рузаевка ауылына дейінгі учаске;

2. «Екатеринбор-Алматы» 729-856 км., Қостанай облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін.