Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілген тапсырмасына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне құру жүктелген трассалық медициналық құтқару бекеттері осындай реанимобильдермен жабдықталатын болады.
Mersedes-Benz Sprinter автокөлігі базасында жасалған реанимобильдер арнайы тапсырыспен Германияның Линген қаласы зауытында шығарылған. Бұл реанимобильдер жиынтығы жағынан бірегей көлік деп айтуға болады.
Реанимобиль қуатты бензин қозғалтқышымен (260 а.к.) жабдықталған, биік төбесі бар тұтас метал фургоннан тұрады, бұл медициналық қызметкерлерге салон ішінде реанимациялық шаралар өткізу кезінде тұрып көмек көрсетуге, ұзартылған (8 метрге жуық) базасы 5-7 зардап шегушіні тасымалдауға мүмкіндік береді.
Реанимобильде апатты-құтқару құрал-саймандарынан тұратын жеке бөлік бар. Олар зардап шегушілерді автокөліктен шығарып алу жұмыстарын жасауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ реанимобиль шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті заманауи медициналық жабдықтармен және медициналық құралдармен жабдықталған. Барлық реанимациялық жабдықтарды жетекші еуропалық өндірушілер ұсынды.
Реанимобильдер медициналық және құтқару жабдығынан бөлек, ұялы байланыс операторлары қызмет көрсету аясынан тыс болған аумақпен байланысуға мүмкіндік беретін спутниктік телефонмен жабдықталған.
Жалпы, қоғамдық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомстворалық өзара әрекеттестік тиімділігін арттыру шеңберінде «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» 3 пойызы жүргізілді. 110 стансаның тұрғындарына 260 мыңнан астам емдеу-диагностикалық қызметі көрсетілді. 48 мыңнан астам адам, соның ішінде 14 мыңға жуық бала тексерілді.
Санитарлық авиация бойынша Республикалық үйлестіру орталығы құрылды. 2011 жылдың шілде айынан бері 200-ден астам ұшу жүзеге асырылды. 6 тікұшақты, соның ішінде 2 - Ка-32 А11ВС және 4 - «Еврокоптер ЕС-145» тікұшағын жеткізу жөнінде келісімдер жасалды.
Республикада көлік медицинасын дамыту үшін өңірлерге 19 мобильді жылжымалы кешеңдер (МЖК) сатып алынып, жіберілді. 100 мыңнан астам адам МЖК арқылы медициналық тексеруден өтіп, 115 мыңнан астам зертханалық диагностикалық зерттеулер жасалды, мамандар 86 мыңдай кеңес өткізді. Осылайша, алыста орналасқан өңірлерде тұратын халыққа, әсіресе ауыл тұрғындарына көлік медицинасы арқылы қызмет көрсету қамтамасыз етілуде.