Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Екінші шарт екі есе арзан» республикалық акциясын өткізеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның шарттары мынадай: бірінші - отбасының кез келген мүшесіне акция кезеңінде немесе одан бұрын комиссиялық алымның толық мөлшеріндегі төлеммен (100%) бірінші шарт жасалуға тиіс. Сондай жағдайда өзіне жасалатын шартқа және отбасы мүшелеріне жасалатын кейінгі шарттарға комиссиялық алымның 50 пайызы төленеді. Мұндай жағдайда, екінші тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша шартты сома бірінші шарт бойынша шартты соманың мөлшерінен 2 еседен артпауы тиіс. Акция шеңберінде отбасы мүшелері болып танылатындар: жұбайы (зайыбы), ата-анасы, балалары. Екінші, акция кезеңінде шарт жасағаны үшін комиссиялық алымның 50 пайыз төлемімен жасалған шарттарды одан әрі қарай өзгерту және оларға қызмет көрсету өнімнің жалпы талаптарында іске асырылады. Үшінші, өткізілетін акцияның талаптары кейін ол бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй сатып алуға заем алуды көздейтін тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасаған ҚР Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының, ҚР Тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларына таратылмайды. Мұндай жағдайда, комиссиялық алымның толық төлемімен жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бар болса,комиссиялық алымның 50 пайыз төлемімен отбасы мүшелеріне, өзіне екінші шарт жасау мүмкіндігі беріледі.