«2012 жылы 5 қызмет көрсету орталығы ашылған. 2013 жылы қосымша 6 қызмет көрсету орталығын ашу жоспарлануда», - делінген ҚТЖБ хабарламасында.
2012 жылы ашылған қызмет көрсету орталықтары Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Екібастұз, Өскемен қалаларында орналасқан.
Банктің мәліметтеріне қарағанда, үстіміздегі жылы қызмет көрсету орталықтарына келушілер саны көп болған. Мысалы, 2012 жылғы І жартыжылдықта Алматы қаласындағы № 1 Қызмет көрсету орталығына 69 мыңнан астам клиент келген.
Жаңа қызмет көрсету орталықтарын ашудан басқа, 2012 жылдың соңына дейін клиенттерге жайлы болуы үшін банктің барлық филиалдарында өздерінің төлем терминалдары қойылып, олар арқылы депозитті толтырып, займды жабуға мүмкіндік туатын болады.