Қазақстанның туристік драйверіне айналады: Қиырдағы қазақтар Түркістан жайлы не дейді

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістанға облыс статусын беріп, облыстың орталығы Түркістан қаласы болатынын жария еткен тарихи шешіміне бір жылдан асты.

Бұл шешім тек отандастардан ғана емес, барша түркіәлемінен үлкен қолдау тапты. Себебі Түркістан - ежелден түркі әлемінің руханиастанасы болған қала. Осы шешім облыстың қайта түлеп, жаңғыруына ықпал етті. Осытұрғыда Отаннан жырақ кетсе де, жүрегі бірге соғатын, елде орын алып жатқан кезкелген ішкі-сыртқы жайттардан хабардар болып, әр жаңа бастамаға белсене қолдаутанытып отыратын қиырдағы қазақ қандастарымыз да баршылық. Солардың бірі - Астрахандатұратын Рахмет Башбаев.


«Яссауикесенесін көргенде тарихпен бетпе-бет келгендей болдым»

Астрахань облыстық «Ақ арна» газетінің басредакторы, «Жолдастық» атты астрахандық қазақ мәдениеті қоғамдық ұйымытөрағасының орынбасары Р.Башбаев Түркістан туралы өз естеліктерін сонау 2010 жылмен байланыстырады.Дәл сол жылы Алматыға астрахандық достарымен бірге сапарлап қайтпақ болады.Астраханнан жүрдек пойызға отырады, жолаушы ретінде мінген атыраулық жігіттерпойыз Түркістан станциясына тоқтаған сәтте міндетті түрде түсіп, Түркістанныңжергілікті тәттілері мен жеміс-жидегі, кәуабынан дәм тату керектігін, дәмі тілүйретінін айтады. Осылайша,

пойыз Түркістан станциясына тоқтаған сәтте Рахметстаницядан түседі, түскен сәтте көзіне бірден Қожа Ахмет Яссауидің кесенесітүскен. Алыстан мұнартып, асқақ көрінген кесенеге көз алмай қараған Рахмет өзіндәл сол сәтте тарихпен бетпе-бет келгендей сезінгенін жасырмайды.

«Түркістан – ұлы мекен. Мұнда талай тағдыр кесті,тарихи шешімдер қабылданды. Талай ұлттың ертеңі шешілді, ұлы шайқастар өтті», -дейді Р.Башбаев. Қандасымыз Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын оқып,трилогия желісі арқылы бұл аймақтың қазақ хандығы тарихында қандай ықпалдырөлге ие болғанын түйсінгенін айтады. 2018 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға облысстатусын беру туралы тарихи шешім қабылдағанда Рахмет қандай ойда болғанымен дебөлісті. «Мен әділдік орнады», - деп ойладым деген ол «бұл шешімді аймақтұрғындары да асыға күткен болуы керек», деген ойын да жасырмады.

Рахмет Башбаевтың сөзінше, Түркістан - текҚазақстан үшін ғана емес, жалпы Еуразияда маңызы орасан зор аймақ. Мұнда ендіОрталық Азия елдерінен ғана емес, тұтас әлемнен туристер мен қонақтардыңағылатынына да үмітті екенін айтады. «Себебі бұрын мұндай «тірі тарихты» жасаптұрған қаланың барын алыс-жақын көршілес елдер білсе, бар әлемге Түркістан ендіжаңа, әлеуетті, дамыған қала болып ашылады», дейді Р.Башбаев. Енді ТүркістанныңҚазақстандағы туризм драйверіне айналар сәті келді дейді. Оның айтуынша,Астраханнан Түркістанға теміржол арқылы қатынайтын жолаушылар көп. Олардыңкөбіне аймақтағы тарихи орындар ұнайды екен, жыл сайын барып, тарихи нысандардыкөзімен көріп, таң қалып қайтатын жолаушылар көп дейді Р.Башбаев. «Түркістанныңтуризм саласында әлеуеті басым, дегенмен басқа салаларда да өсуге мүмкіндігізор деп білемін», - деген ол аймақ үшін өте жақсы әлеуметтік, экономикалықбағдарламалардың қабылданып жатқанын, алдағы уақытта халықтың әл-ауқаты одан сайын аса түсетінінесенім білдірді. Сондай-ақ өлкедегі ауыл шаруашылығы, жеміс-жидек өсіру,сауданың да жақсы дамығанын, бұл әлімсақтан солай болғанын білетінін де айтады.Себебі Түркістан талай жолдың торабында жатыр, Ұлы Жібек жолы бойындаорналасқанның өзінен-ақ сонау ерте заманнан сауда мен шаруашылықтың қызғанортасы болғанын да тарихтан білетінін айтады.

Астрахандық қандасымыз Түркістанның әрі қарайғыдамуына қашан да бейілді болатынын да жасырмай, ақжарма тілегін де аямады.

«Яссауикесенесінде дұға ету - ирандық қазақтардың арманы»

Иранда тұратын Абай Бабық есімді қандасымызТүркістанға табан тіреп, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне келіп, дұға ету Ирандағықазақтардың арманы екенін айтады. Бала кезінен әжесінен «Мединада – Мұхаммед,Түркістанда – Қожа Ахмет» деген сөзін естіп өскенін айтқан А.Бабық сол қанаттысөзден де болар Түркістан өзі үшін ұлы даланы көз алдына елестеткен.

Бала кезден мұндай өлке туралы түрлі әңгімелердіестіп өсіп, ер жеткенде бір табан тірейтін мекен екен деген ойда болған. Алғашрет өзі Түркістанға келгенінде кіреберістегі «Түркістан - күллі түркі әлемініңастанасы» деген сөз ойында қалыпты. «Расында, Түркістан - тек қазақтың ғанаемес, барша түркі әлемінің ордасы, мақтанышы. Мұнда келіп-ақ тарихтың қойнауынасүңгіп шығуға әбден болады. Тарихи нысандардың өзі еш бұзылмастан сақталған, әркірпішіне қолыңды қойған сайын, сонау өткен ғасырлар көз алдыңа келеді екен», -дейді қандасымыз. Түркістанға келіп, мұнда жерленген бабтар мен көрнектітұлғалардың, батыр бабалардың басына барып, жергілікті тұрғындардан әркесененің салыну тарихы, Түркістанның тарихындағы өзі білмейтін жайттардысұрастырыпты. Түрлі аңызға бергісіз оқиғалардың болғанынан құлағдар болып,біраз ақпарат алған екен. Қожа Ахмет Яссауидің кесенесіне барып, дұға етіп,ғимараттың сәулеттік ерекшелігіне таң қалыпты. Қаншама ғасыр өтсе де асқаққалпын сақтаған нысан көз алдына тарихтың өміршеңдігін әкелді деген А.БабықАрыстан баб, Үкаша ата, Қырық әулие өзге де қасиетті бабалардың басын аралап,мұның бәрі өзіне өмірлік жылы естеліктер болғанын айтады.

Абай Бабық өткен жылы Елбасының шешіміменТүркістан облыс статусын алып, облыс орталығы болып Түркістан қаласының ресмибекітілгенінде қатты қуанғанын айтады. «Қожа Ахмет Яссауи бабаның рухынажасалған тағзым әрі қаланың бар даңқы барша әлемге асқақтайтын болды депқуандым. Өйткені, Түркістан - баршаҚазақстанны, бүкіл түркі әлемінің абыройы», - дейді. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтыңбұл шешімі әрі сындарлы жемісін беретінін айтқан А.Бабық қазір аймақтың қалайөсіп-өркендеп келе жатқанын, қабылданып жатқан бағдарламалар мен әр жаңабастамаларды қалт жібермей бақылап отыратынын айтады. «Енді Түркістанның жаңатынысы ашылғандай болды» дейді.

А.Бабық қаланың болашақта туризмі дамыған мықтыорталыққа айналуын қалайтынын да жасырмады. Себебі өзі Түркістанға екі ретсапарлаған. Қалада тарихтың лебі есіп тұратындай және адамды өзіне тартатын біререкшелігі бар екенін айтады. «Туризмнің өзі де үлкен ғылым ғой. Түркістан даежелден ғылым мен білімнің, өркениеттің орталығы болды. Енді аймақтың туризмсаясаты дұрыс жолға қойылып, бар әлемнен туристер ағылып, бұл Қазақстанныңабырой-беделінің арта түсуіне бір сеп болар еді», - деген қандасымыз ел үшіналыс та жүрсек те тілекші жандар бар екенін де алға тартты. Түркістан жаңаҚазақстанның жаңа тарихында әрі қарай да түлей түсеріне нық сенімін білдірді.

«Отанғадеген қимастық әлі де бар»

Өзбекстанда тұратын қандасымыз Айжан Тәжібаева 1995 жылдан бері ұлттықаспабымыз домбыраны насихаттап жүр. Ол Ташкент облысы Қыбырбай ауданындағымузыка және өнер мектебінде аймақта тұратын қазақ диаспорасы балаларынадомбырадан сабақ беріп келеді. Айжан Тәжібаева қазақтың ұлттық аспабы домбыраныалыс-жақын шет елдерде насихаттауға да өз үлесін қосып келеді. 2013 жылы Өзбекстандадомбырашылар арасынан «Болашақ» атты ансамбль құрып, осы жылдың желтоқсанындаӨзбекстан Республикасы ұлтаралық «Достық» фестиваліне қатысқан. Онда «Ең үздікфольклор орындаушылары» аталымында жеңіске жетті. 2017 жылы қазақ ұлттық мәдениеторталығының мерейтойында «25 жылдық» арнайы медалімен марапатталған. Дәл солжылы елордада өткен «Аrt Baiterek EXPO-2017» халықаралық байқауында да домбырааспабымен бақ сынап, жүлдеге ие болды. Айжан елге жиі барып тұратынын айтады.«Біз Қазақстанға қашан да басқаша бір сезіммен барамыз. Көруді армандап жүрген астанамыздыкөкейімізде тұрған үлкен бір сағыныш сезімімен араладық. Қала жиырма жылдыңішінде үлкен мегаполиске айналып кетіпті. Биік-биік ғимараттар бой түзеп,көздің жауын алады. Әдемі табиғаты адамды баурап алады, тұрғындары да жайдары»,- деген Айжан Қазақстанға әр келген сайын кеудеде қимастықтың да болатынын айтады.Алайда Өзбекстанда өздері тұратын ауданда қазақтар көп екен. «Қазақмектептеріміз бар. Міне мен де қазақтар үшін ұлттық аспап домбыраны үйретіпкелемін. Әрбір қазақ баласының бетін қайтармай, жылы шыраймен қабылдап, бойымдабар өнердің қыр-сырын шәкірттеріме сіңіруге тырысамын», - деген Айжан қазір дешәкірттері үмітін ақтап жатқанын айтады. «Кейбір шәкірттерім Құрманғазыатындағы қазақ ұлттық консерваториясында, кей шәкірттерім Ташкент мемлекеттікконсерваториясын аяқтап, бүгінгі күні білікті маман атанды», - деп қуанышыменбөлісті.

Осы жылы Айжан Тәжібаева Түркістан қаласына сапаржасаған. «Түркістан көркейіп келе жатыр екен, құрылыс жүріп жатыр. Арыстанбаб, Қожа Ахмет Яссауидің кесенесінебарып, Үкаша ата, Гауһар аналардың басына бардым», - деген Айжан Әбдіқадырқызыөзінің жасаған сапарының сәтті де ерекше болғанын айтады. Түркістанның өзгешетүлегенін өз көзімен көрген ол дәл елордадай жаңа шаһардың қазақ жерінде қайтақұрылып келе жатқанына қуанғанын айтты. Түркістанның тарихқа бай шаһар екенінбұрыннан білетінмін. Өзі кіріп келгеннен-ақ алыстан көз мұнартып көрінетінЯссауи бабаның кесенесінің өзі бойында бір ерекше сезім қалдырады. Өткен жылыНұрсұлтан Әбішұлының жарлығымен Түркістан қайта облыс болып құрылғалы бері қалабіраз жаңарып келеді екен. Енді тағы да сапарлап қайту ойымда бар. Түркістан болашақтабұдан да көркем шаһар боларына сенемін», - дейді қандасымыз.

«Түркістанғажасаған сапарым кәсіби мамандығымды таңдауыма сеп болды»

Өзбекстанда тұратын қандасымыз, «Кенимех таңы»басылымының бас редакторы, филолог Гүлдана Нарынбетова Түркістанға алғаш ретсонау 2006 жылы оныншы сыныпта оқыпжүргенде келген. «Мектепте «Түркістан» поэмасын оқыдық қой, сонда қандай жерекен деп ойлайтынмын», - деп ағынан жарылған Гүлдана қазақ тілі мен әдебиетімаманы болуға сол Түркістанға жасаған сапары себеп болғанын айтады. Себебіқалаға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиадаға қатысуға барған екен. Солсапарында танысқан өзі сияқты Моңғолия, Ресей, Түркия, Қытай, Астраханқазақтарымен қазір де пікір алмасып, хабарласып тұрады екен. Араға бір мүшел,яғни, он екі жыл салып Гүлдана 2018 жылы Түркістанға тағы да сапарлайды. Ол сәтте ТүркістанЕлбасы Н.Назарбаевтың тарихи жарлығымен облыс орталығы статусына ие болған еді.Кірген сәттен-ақ қаланың айрықша аурасын сезген Гүлдана қаланың өзгергенін, тыңсипатқа ие болғанын айтады. «Арыстан бабқа, Отырарға саяхат жасадық. Қожа АхметЯссауи кесенесіне бардық. Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінде қонақболдық. Сондай-ақ мені қатты таң қалдырғаны Ахмет Яссауи кесенесінде қазақтың біртуархандары мен билері жерленген екен. Бойымды сол сәтте ерекше сезім биледі», -деген Гүлдана шетелдегі қазақ ретінде елдегі әр тың жаңалыққа қуанып отыратынынжасырмады. Тек қана Түркістанға ғана емес сондай-ақ Нұр-Сұлтанға, Атырау,Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Көкшетауға да сапарлаған. «Қазақтың ақындарыжырлаған ұлы даланы өз көзіммен көріп, сұлулығы мен дархандығына көз жеткіздім.Фариза Оңғарсынова мен Әбу Сәрсенбаевтың туған жерлеріне табан тіредім.С.Сейфуллин жырлаған Көкшетау мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өмір сүрген Керекуде деболдым. Шынымен қазақтың даласы көркем, шексіздігіне тіл жетпейді», - дейдіГүлдана. Әр қалаға жасаған сапарында жергілікті тұрғындардың жылы шырайтанытқаны кеудесін жылытқан. Гүлдана енді елге жиі-жиі келіп тұратынын айтады.«Қазақтың әр аймағы өзінше ерекше» деген ол осы жылы Бурабайға барып демалыпқайтқан. «Демалысым керемет өтті. Бурабай да бір тарихи мекен ғой. Мұнда даталай тарихтың көзі бар екен. Әсіресе мөлдір суы, саф ауасы мен асқақ тауларыбойыңа бір күш береді. Бурабай мен Түркістан Қазақстанның нағыз туризмініңордасы деп білемін. Шығысы мен батысы да, Арқасы да мұндай көркем табиғатқабай», - дейді қандасымыз. Гүлдана - бүгінде журналист. Түркістанға да журналистретінде сапар жасап, талай қызыққа куә болған. Алдағы уақытта Түркістанға жиісапарлап тұруды мақсат еткен ол қаланың қазір тың сипатқа ие болып, күн сайынжаңарып отырғанын, аймақтағы жаңа бастамалар туралы хабардар болып отыратынынайтады. Гүлдана өз сөзінде Қазақстан үшін қашан да тілекші екенін айтып қалды.

«Қазақстан –түркі әлемінің жүрегі»

Түмендегі қазақтардың ұлттық-мәдениетавтономиясының төрағасы, Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы президумының мүшесіЕсенғали Ибраев Түркістан облыс орталағына айналғалы бері мұнда жүзеге асыпжатқан әр жоба мен бастамаларды назардан қалт жібермейтінін айтады. Аймақтаөткен конференцияларға бірнеше рет қатысып, Түмен облысынан Түркістанға ірікомпания өкілдерін алып келген. Е.Ибраев аймақта өтетін ірі ауқымдағы шараларданқалмауға тырысады екен. Түркістанға келген сайын қаланы аралаудан дажалықпаймын дейді. Себебі тарихқа әр күн сайын саяхат жасай бермеймін ғой дегенЕсенғали Ибраев өткен жылы Қазақстанда Түркістан облысының құрылуын елбасшылығының көреген саясаты деп есептейтінін алға тартты. «Түркістан текҚазақстан үшін ғана емес, барша түркі әлемінде маңызға ие. Ол тарихтан солайболған», - дейді. «Өткен ғасырда Түркістан терминімен бар Орта Азияныбелгілеген, егер тарихи тұрғыдан қарасақ, бұл, меніңше, қате. Себебі Орта Азияныңбасым бөлігі парсылардың жері болған, ал Түркістан – бұл түркілердің жері(елі). Сондықтан Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан атауына өзгерту арқылыбұл қателік жөнделді деп білемін», - деген Е.Ибраев Қазақстанда Түркістаноблысының құрылуының өзіндік табиғи негізі бар, себебі Қазақстан түркі әлемініңжүрегінде орналасқан дейді.

Есенғали Түркістандағы жаңа бастамалардыңкөтерілуі, әсіресе «Turkistan» экономикалық аймағының әлеуетті болашағы барынасенім білдіретінін айтады. «Қазақстанда аймақтарды дамыту бойынша өте әлеуетітартымды бағдарламалар бар, қабылданып жатыр. Себебі Қазақстанның әр өңірініңөзінше даму сипатын бере алатын әрі экономиканың қозғаушы күші бола алатын «көзерлері»бар. Түркістан облысы, меніңше, туризм және сауда-саттықта, ауыл шаруашылығындамытуда әрі кәсіпкерлікте көшбасшы бола алады. Өңірдің өзі де соған қабілетті.Бұл облыста қыш зауыты, ет өнімдерін, құс еті өнімдерін шығаратын, тәтті-дәмдішығаратын қаншама зауыт-фабрикалар бар. Одан өзге аймақтағы тұрғындардың басымкөбі жеке кәсіпкерлікпен, шаруашылықпен айналысады. Бұл да өз алдына дамуғасерпін бере алады», - деген пікірімен де бөлісті қандасымыз.

Е.Ибраев қазіргі Түркістан облыс орталығы болғалыбері аймақтың даму сипатына көңілі толатынын да айтып қалды. «Ұлы даланыңмаржанына айналған орталығы Нұр-Сұлтан қаласындай Түркістан да ірі, заманауи,жаңа мегаполистердің біріне айналатынына сенемін», - дейді Есенғали Ибраев.

***

Қиырда жүрсе де ел үшін қуанып жүретінқандастарымыз Түркістанның қайта түлегеніне өз ізгі ниеттері мен ақжарматілектерін жеткізді. Қазақ - жердің қай түкпірінде тұрса да өз қандастарыныңөзегінен теппеген бауырмал халық. Бұл әлімсақтан солай. Міне, бүгінде Түркістанқазақтың рухани ордасы, кемел келешегіне бастар шаһарына айналып келеді. Бізтарихи дәуірде өмір сүрудеміз. Оның тасасында қалып қоймай, бірге жасасқанға нежетсін!

Соңғы жаңалықтар