Қазақстанның Түркияда оқыған имамдары курстарын тәмамдады

АСТАНА. 8 шілде. ҚазАқпарат - Түркияның Болу қаласындағы «Имамдардың білімін жетілдіру орталығында» іс тәжірибеден өтіп, діни біліктіліктерін арттырып жатқан  еліміздің  жиырма екі имамы  екі айлық курсты толық тәмамдап, арнайы  куәлігін алды.

 Бұл жайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметтерінде айтылған.

 «Жалпы, бұл оқу орнында имамдардың біліктілігін арттыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Курс барысында күніне төрт мезгіл тамақ берілді, дәрісхана, жатақхана, интернет бөлмелері заман талабына сай қамтамасыз етілген. Имамдарамыз  екі ай барысында барлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білді», делінген баспасөз баянында.

 Оқу барысында имамдарға белгілі профессор оқытушылар мен қари хафиздер дәріс оқыды. Сонымен қатар, имамдарға ең қажетті деген ақида, хұтба, фиқх негіздері, ислам тарихы мен Құран Кәрім және тәжуид пәндеріне баса назар аударылды.