Іс-шараға Түркия Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің төрағасы (ҚӨМ) Мұрат Баяр, Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ж.Түймебаев, ТР ҰҚМ ҚӨМ төрағасының бұрынғы орынбасары - қазақстан-түрік бірлескен кәсіпорны басқармасының мүшесі Исмаил Тохумджу, «АСЕЛСАН» АҚ бас директоры Женгиз Ергенеман және «Механикалық және химиялық өнеркәсіп» (МХӨ) мемлекеттік корпорациясының бас директоры - басқарма төрағасы Унал Онсипахиоглу қатысты. Іс-шара барысында М.Баяр мен Түркия Республикасының әскери-өнеркәсіп кешенінің өкілдеріне ҚР Қорғаныс министрлігінің «Халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытқаны үшін» медальдарын салтанатты тапсыру рәсімі болып өтті.
Іс-шара қатысушыларына екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың қорытындылары бойынша ақпарат берілді.
Өз сөзінде Түркия Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Баяр Қазақстанның халықаралық аренадағы бастамаларына жоғары баға берді, Қазақстанның саяси салмағын және ел басшылығының жүргізіп отырған саясатының тиімділігін атап өтті. Ол екі достас және бауырлас елдер арасындағы әскери-техникалық саладағы қатынастардың одан әрі дамуына сенім білдірді. Түркия қорғаныс өнеркәсібінің түрік компаниялары 2012 жылғы мамырда Астанада өтетін «KADEX-2012» атты әскери техника мен қарулану көрмесіне белсенді қатысатыны атап өтілді.
Өз кезегінде Ж.Түймебаев стратегиялық әріптестік деңгейіне жеткен Қазақстан мен Түркия екіжақты ынтымақтастығының қарқынды дамуын атап өтті. Бұл орайда ол 2011 жылы алғашқы рет Қазақстан мен Түркия әскери ведомстволарының арасында Қазақстан аумағында бірлескен әскери кәсіпорын салу туралы келісімге қол қойылғанына назар аударды. Қазақстан Елшісі бүгінгі таңда мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық жағдайлардың жасалғаны, Қазақстанның негізгі, соның ішінде тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде Республика қарулы күштеріндегі қол жеткізген жетістіктері туралы ақпарат берді.
Түрік тарапымен қол жеткізілген уағдаластықтарды ескере келе, екі ел арасында әскери-өнеркәсіп кешені саласында әр түрлі жобалар, соның ішінде әскери өнеркәсіптің бірлескен кәсіпорнын салу жобасы іске асырылуда.