Мамандардың пікірінше, реттеуші доллар тәуелділігін төмендету үшін сары металды белсенді сатып алуда.
Дегенмен, талдаушылар бұл идеяның ТМД елдері үшін кері әсерін тигізе алатынын жоққа шығармайды. Қауіп америкалық валютаның нығаюы мен мұнай бағасының төмендеуінен алтынның да арзандауы мүмкіндігінде. Алтынның троя унциясының (31,1 гр) бағасы 1200 доллар шамасында. Бірақ 2015 жылы бұл көрсеткіштің 900 долларға дейін төмендеуі мүмкін.
Ағымдағы жылдың қазан айында Ұлттық банктің валюталық қоры 21,3 миллиард долларды, алтын қоры - шашамен 7 миллиард долларды құрады.