Ұлттық Банк басшысының айтуынша, халықтың және кәсіпорындардың қандай да бір валютаға деген басымдық беруі өзгеріп жатыр, теңгедегі салымдардың қарқынды өсуі байқалады. «Бұған Ұлттық банктің теңгедегі құралдардың тартымдылығын арттыру бойынша шаралары себеп болды» деп түсіндірді ол.
Қазақстанда 2016 жылғы ақпаннан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша ең жоғары мөлшерлемесі 10%-дан 14%-ға дейін артқанын және шетел валютасындағы депозиттер бойынша мөлшерлемелер 3%-дан 2%-ға дейін төмендегені белгілі.