Қазақстанның ұлттық құрамасы футболдан Еуро-2012 чемпионатының іріктеу ойындарына Алматы облысындағы базада дайындалуда

АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы қазанның 8-інде бельгия құрамасымен,

қазанның 12-сінде Германия командасымен арада өтетін Еуро-2012 чемпионатының іріктеу ойындарына Талғарда дайындалып жатыр, деп хабарлады Футбол федерациясының баспасөз қызметінен.

Ұлттық құраманың қатарына мыналар кіріп отыр: қақпашылар -Александр Мокин (1981 ж.т., «Ордабасы» клубы), Андрей Сидельников (1980 ж.т., «Ақтөбе»), Александр Григоренко (1985 ж.т., «Шахтер»); қорғаушылар: Александр Кислицын (1986 ж.т., «Шахтер»), Александр Киров (1984 ж.т., «Локомотив»), Дмитрий Шомко (1990 ж.т., «Ертіс»), Михаил Рожков (1983 ж.т., «Локомотив»), Ренат Абдулин (1982 ж.т., «Тобыл»), Владислав Чернышов (1981 ж.т., «Ертіс»), Алексей Попов (1978 ж.т., «Амкар», Ресей); жартылай қорғаушылар: Серікжан Мұжықов (1989 ж.т., «Жетісу»), Аслан Дарабаев (1989 ж.т., «Ақтөбе»), Азат Нұрғалиев (1986 ж.т., «Тобыл»), Генрих Шмидтгаль (1985 ж.т., «Рот-Вайсс», Оберхаузен, Германия), Андрей Карпович (1981 ж.т., «Ақтөбе»), Ұлан Қонысбаев (1989 ж.т., «Тараз»), Қазбек Гетериев (1985 ж.т., «Спартак», Нальчик, Ресей); шабуылдаушылар: Евгений Аверченко (1982 ж.т., «Ақтөбе»), Сергей Хижниченко (1991 ж.т., «Атырау»), Сергей Лисенков (1991 ж.т., «Ақтөбе»), Нұрбол Жұмасқалиев (1981 ж.т., «Тобыл»), Максим Азовский (1986 ж.т., «Локомотив»), Андрей Финонченко (1982 ж.т., «Шахтер»).

Бас жаттықтырушы - Бернд Шторк.

Олар Астанаға қазанның 5-інде ұшып келмек.