Қазақстанның ұлттық мүдделері сенімді қорғалуы тиіс - К.Мәсімов
18:52, 18 Маусым 2010
ТЫРАУ ОБЛЫСЫ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Қазақстанның ұлттық мүдделері сенімді қорғалуы тиіс.
Бұл туралы бүгін жер қойнауын пайдаланушы-компаниялармен шарттық міндеттемелерді сақтау мәселелері жөніндегі кеңестен кейін Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Үкіметінің басшысы Атырау облысында жұмыс сапарында жүр.
ҚР Премьері аймақтың дамуын оң бағалады және «облыс әкімі Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді ойдағыдай орындауда», деп атап көрсетті.
Сонымен қатар, К.Мәсімов аймақтың мұнай-газ саласында кейбір проблемалар бар екенін атап өтті. «Дегенмен біз мұны сіздермен бірге шешеміз, ең бастысы - республикамыздың, қазақстандық компаниялардың, еліміз азаматтарының ұлттық мүдделері сенімді қорғалуы тиіс. Үкімет оларды қорғау жағында», деп атап көрсетті Премьер.