«Виченца Нумизматика - 2014» Халықаралық жүлдесі» ескерткіш монеталардың халықаралық конкурсының қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық Банкінің «Республика игілігі» сериясындағы «Байқоңыр» ескерткіш күміс монетасы 2012 жылы соғылған ең үздік монета ретінде осы беделді конкурста екінші жүлдеге ие болды. Мұндай жоғары марапат символдық нысандардың бірегей әзірлегені және жоғары технологиялық өндірісте бірегей тұрғыдан қолданылатын күміс пен танталды шебер үйлестіргені үшін берілді. Бұл монета ғарышты және әлемдегі ең әйгілі ғарыш алаңдарының бірі «Байқоңыр» ғарыш айлағын зерттеудегі маңызды жетістіктерді паш етеді.
«Монета жұлдыздары-2013» байқауының нәтижесінде 2013 жылғы 26 қыркүйекте Мәскеу қаласында «Жыл монетасы» аталымында үшiншi орынды ҚР Ұлттық Банкi ұсынған алтын жалатылған «Тамғалы петроглифтері» күмiс монетасы жеңіп алды. Ұйымдастыру комитетімен ҚР Ұлттық Банкіне «Республика игілігі» монеталар сериясы үшін арнайы жүлде берілді. Бұл серияға төрт монеталар кіреді: «Есік көсемі», «Байқоңыр», және «Тамғалы петроглифтері» екі күміс монетасы.
Халықаралық банкнот қауымдастығы (IBNS) конкурсының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған номиналы 10 000 теңгелік қазақстандық банкнот «2011 жылдың ең үздік банкноты» аталымында жеңіп шықты. Банкноттың дизайнын ҚР Ұлттық Банкінің дизайнерлері жасады.
2012 жылғы 25 қыркүйекте Виченца қаласындағы (Италия) «Vicenza Numismatica - 2012» монета өнімінің халықаралық конкурсының қорытындылары бойынша салтанатты марапаттау рәсімі өтті. ҚР Ұлттық банкінің «Ғарыш» сериясындағы «Тұңғыш ғарышкер» ескерткіш күміс монетасы «Ерекше пікір» аталымында жүлде алды. Бұдан бөлек, 2011 жылғы 29 қаңтарда Берлинде «World Money Fair» халықаралық көрмесінде Krause Publications өткізген конкурстың қорытындылары шығарылды. ҚР Ұлттық банкінің «Ұлы қолбасшылар» сериясынан «Атилла» ескерткіш күміс монетасына «Тарихи тақырып бойынша ең үздік монета» аталымында «Жылдың ең үздік монетасы» наградасы берілді. Атап айтқанда, 2010 жылғы 26 қыркүйек-3 қазан аралығында Австралияның астанасы Канберра қаласында Монета сарайлары директорларының 26-шы конференциясы өтіп, онда монеталар конкурсы өткізілді. Монета сарайлары директорларының конференциясына мүшелердің (50 дауыстың 47-сі) жасырын дауыс беруімен шығарылған шешімімен Қазақстанның «Жолбарыс» коллекциялық күміс монетасына Австралияда екі бас жүлде берілді: «Ең əдемі монета» жəне «Ең технологиялық тұрғыдан табысты жасалған монета». «Монета жұлдыздары - 2010» ескерткіш монеталардың төртінші халықаралық конкурсының қазылар алқасының шешімімен «Ат ил ла» ескерткіш күміс монетасы «Жыл монетасы» номинациясында дипломмен марапатталды. Марапаттау рәсімі 2010 жылғы 10 маусымда Санкт-Петербор қаласында өтті. Берлинде «World Money Fair» халықаралық көрмесінде «Krause Publications» өткізетін монеталар байқауының қорытындылары бойынша «Шыңғыс хан» ескерткіш күміс монетасы «Тарихи тақырып бойынша ең үздік монета» аталымында «Жыл монетасы-2010» марапатын алды. Марапаттау рәсімі 2010 жылғы 30 қаңтарда Берлинде дүниежүзілік ақша көрмесінде өтті. 2009 жылғы 1 қарашада Виченца қаласында (Италия) «Vicenza Numismatica - 2009» монета өнімінің халықаралық конкурсының қорытындылары бойынша салтанатты марапаттау рәсімі болды. «Шыңғыс хан» монетасына «Монетаның бет жағында қолданылған өзіндік ерекшелігі сырт жағындағы Шыңғыс ханның сапалы орындалған бейнесі үшін» ІІ орын берілді. 2009 жылғы 24 қыркүйекте Санкт-Петербор қаласында «Монета жұлдыздары-2009» ескерткіш монеталардың үшінші халықаралық конкурсының қорытындылары шығарылды. «Монета жұлдыздары-2009» конкурсына қатысуға әлемнің 21 елінен 176 монета ұсынылды. ҚР Ұлттық банкінің «Диадема бөлігі» ескерткіш күміс монетасы «Бірегей идеялық шешім» номинациясында II орынды иеленді жəне «Монета жұлдыздары-2009» ескерткіш монеталардың үшінші халықаралық конкурсы əділқазылар алқасының шешімімен тиісті дипломмен марапатталды.
Ал 2007 жылы Суздаль қаласында (Ресей) ТМД және Балтық елдерінің ең үздік монетасына арналған «Монета жұлдыздары-2007» атты бірінші конкурстағы жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде қазақстандық монеталар үш номинацияда жеңіске жетті: «Шабандоз» күміс монетасы «Жылдың күміс монетасы» номинациясында бірінші орынға ие болды. «Регель қызғалдағы» монетасы «Монета - ең жақсы сыйлық» және «Көрермендер көзайымы» аталымында жеңіске жетті. Бұдан бөлек, 2007 жылғы 19 қазанда «Vicenza Numismatica-2007» монета өнімінің халықаралық конкурсының қорытындылары бойынша салтанатты марапаттау рәсімі өтті. ҚР Ұлттық банкінің тантал қосылған «Ғарыш» ескерткіш күміс монетасы 2006 жылы соғылған әлемдегі ең үздік монета ретінде бірінші орынға ие болды. Марапат эстетикалық аспектілері мен монетаның мәніне берілді.
2007 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Халықаралық Виченза Нумизматика жүлдесі» (Италия) атты монеталық өнімдердің байқауына қатысты. Бірінші жүлде эстетикалық аспектілері мен монетаның мән-мағынасына беріледі. Қазақстан Ұлттық банкі осы байқауда «Ғарыш» монетасымен жеңіп шықты.
Айтпақшы, Банкноттарды жасау, қолдан жасаудан қорғау және айналысқа енгізу мәселелеріне арналған және IACA (International Association of Currency Affairs) - Валюталық мәселелер жөніндегі халықаралық үкіметтік емес ұйым өткізіп отырған « Currency Conference-2007» халықаралық валюта конференциясының шеңберінде конкурс ұйымдастырылған болатын. Оған Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2006 жылғы үлгідегі банкноттармен қатысты. «Ең үздік жаңа банкнот» аталымында бірінші орын қазақстандық 10 000 теңгелік банкнотына берілді. Онда 2006 жылғы қарашада шығарылған жаңа сериялы банкноттардың бірегей дизайны, күрделі және жоғары қорғалу деңгейі атап өтілді.