Осы жылдың 19 сәуіріндегі жағдай бойынша барлық жергілікті атқарушы органдар сайтта бекітілген деректердің толық тізбесін жариялады. Алайда, Түркістан облысы бекітілген ашық деректердің - 88,7%-ын ғана, Атырау облысы - 67,7% -ын, Маңғыстау облысы 62,9%-ын жариялаған. Тиісінше, аталған өңірлердің әкімдіктері деректерді жариялауда «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 9 және 17-баптарында көзделген өз міндеттемелерін орындаған жоқ.
Бұл ретте жұртшылыққа деректердің болуы ғана емес, өзектілігі де маңызды.
Жарияланғандардың ішінен бекітілген деректер тізімінде ең өзекті ақпаратты еліміздің 17 аймағының 10-ы ғана ұсынған.