Қазақстанның үш дзюдошысы әлем рейтингінің үздік ондығына кірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш дзюдошысы әлем рейтингінің үздік ондығына кірді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Әлем рейтингінің ТОП-20 тізімінде бес, ТОП-50 қатарында алты қазақстандық бар.

Әлем рейтингі:

60 кг:

Ғұсман Қырғызбаев - 7 (3501).

Елдос Сметов - 11 (2523).

66 кг:

Елдос Жұмақанов - 10 (2797).

73 кг:

Жансай Смағұлов - 9 (2668).

90 кг:

Ислам Бозбаев - 12 (2372).

100 килограмға дейін:

Виктор Демьяненко - 38 (961).

Еске сала кетейік, Халықаралық дзюдо күнтізбесінің соңғы турнирінде - ҚХР-ның Хух-Хото қаласында өткен Әлемдік Гран-Приде Сметов алтын, Қырғызбаев күміс, ал Жұмақанов қола медаль алған болатын.