"Әлемде бірегей ұйғыр театрлары сәтті жұмыс жасауда. Бірақ әлемде республикалық деген атаққа ие жалғыз ұйғыр театры Қазақстанда ғана. Біз үшін бұл үлкен мәртебе. Былтыр 80 жылдықты атап өткен бұл керемет ұжымға "академиялық" құрметті атағы беріліп отыр", - деді А. Мұxамедиұлы.
Сонымен қатар министр академиялық атақты беру туралы сертификатты республикалық неміс және республикалық кәріс театрларына да табыс етті. Оның айтуынша, аталмыш атақтар Президенттің тапсырмасымен беріліп отыр.