«Ұлттық бюроның Қарағанды облысы бойынша департаменті облыстық еңбек, әлеуметтік даму және көші-қон департаменті №3 әлеуметтік-медициналық сарапшылық бөлімінің жетекшісі Оспанов М. 300 000 теңге көлемінде ұдайы пара алып келгенін әшкереледі», - делінген хабарламада.
2017 жылы 2 наурызда Оспанов 3 топтағы мүгедектік мерзімін еш кедергісіз ұзарту үшін берілген 800 000 теңге көлемінде кезекті парасын алу үстінде ұсталды және Жезқазған ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Жамбыл облысында Қордай ауданы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Сазанбай Б. 300 000 теңге пара алғаны үшін ұсталды. Заңсыз сыйақыны ол жерге орналастыру жобасына қол қою үшін алған.
Дәл осындай себеппен, жер телімін бергені үшін ОҚО Леңгір қаласының әкімі Байымбетов С. және аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Тұрғын А. 100 00 теңге пара алу үстінде ұсталды. Олар өз айыптарын толық мойындады, сол себепті сотқа дейінгі іс жүргізу жеделдетілген түрде жүргізіледі.