Ауа райының қолайсыздығына байланысты Жамбыл облысында Алматы – Ташкент - Термез автожолының Кенен – Қайнар ауылдары арасындағы 158-238 шақырымдары жабылды.
Қарағанды облысында Екатеринбург - Алматы жолының Қарағанды – Балқаш бөлігі – 1505-1858 шақырымдары жабылды.
Сонымен бірге, Түркістан облысында Алматы – Ташкент – Термез автожолының Жамбыл және Түркістан облыстарының шекарасында 546-593 шақырымда көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Бұған дейін «Алматы-Ташкент-Термез» автожолы жабылғаны хабарланған еді.