Қазақстанның үш өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш облысында ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

9 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, күндіз жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Петропавлда 9 қазанда оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

9 қазан күні күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. 9, 11 қазан күндері күндіз жел солтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, 10-11 қазан күндері тұман түсуі ықтимал.

9 қазанда Қостанай облысында батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Дауыл соғу қаупі - 90-95%.