Оның айтуынша, бюджеттің шығыс бөлігін нақтылаудың басым бағыты Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру болып табылады. Осы мақсаттарға бюджетте 2 435 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің сайты .
Сонымен қатар, Жолдауды іске асыру келесі шаралар арқылы жүзеге асырылатын болады: экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту - 231 млрд теңге; бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту - 0,7 млрд теңге; макроэкономикалық тұрақтылық - 2 093,1 млрд теңге; адам капиталының сапасын арттыру - 86,2 млрд теңге; институционалдық түрлендіру, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес - 23,9 млрд теңге.