Аталған айлардағы ең басты дода ақпан айының басында Иран астанасы Тегеран қаласында жалауын көтереді. Қазақстанның үздік атлеттері жабық кешендегі Азия чемпионатына қатысады.
Қаңтар-ақпан айындағы күнтізбе төмендегідей:
4-5 қаңтар, Қарағанды. 2001-2002 жылы туған спортшылар арасындағы республикалық матчтық кездесу;
10-11 қаңтар, Өскемен. Жабық кешендегі Қазақстан кубогы (бірінші кезең);
15-17 қаңтар, Өскемен. Жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты;
20 қаңтар, Өскемен. Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир;
1-3ақпан, Тегеран (Иран). Жабық кешендегі Азия чемпионаты;
8-9 ақпан, Қарағанды. Яуда Мұсағалиевті еске түсіруге арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир;
16-17ақпан, Өскемен. Жабық кешендегі Қазақстан кубогы (екінші кезең);
18 ақпан, Аделайде, (Аустралия). IAAF RACE WALK CHALENGE (шақырту бойынша);
19-20 ақпан, Өскемен. 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты;
22-23 ақпан, Өскемен. Жабық кешендегі Қазақстан кубогы (үшінші кезең) және көпсайыстан Қазақстан чемпионаты;
25-26 ақпан, Өскемен. 1999 - 2000 жылы туған жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты.