Байқау ағымдағы жылдың 5 қарашасынан 12 қарашасына дейін өтетіні аталып өтілді. Бірінші орын иегері 1 млн. теңгені, екінші орын иесі 500 мың және үздік үштікті тұйықтаған адам 300 мың теңгені олжалайды.
Жеңімпаз ҚР Қаржы министрлігі жанындағы бухгалтерлік есеп және аудит мәселелері бойынша кеңес беру органының мүшесі болады. Финалға шыққандарға ҚР Қаржы министрлігінің алғыс хаттары мен біліктілікті арттыру курстарына арналған сертификаттар ұсынылады.
Марапаттау рәсімі 13 қарашада ҚР Қаржы министрлігінің ғимаратында өтеді.