Өңірдің мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, шарада үздік күйшілер, сарабдал мамандар мен сарапшылар бас қосады. Қарағанды тұрғындары мен қала қонақтары қалақ домбыраның әуенінен сусындайды.
Қазылар алқасы халық музыкасының танымал өкілдерінен құралады.
7-9 қараша күндері өтетін Тәттімбет атындағы VІI республикалық байқауда күйшілер қазақтың домбыра, қобыз, қылқобыз секілді музыкалық аспаптарының әуенімен өнерсүйер қауымды тәнті етпек.
Бұдан тыс, алдағы байқау күйдің алуан түрлі бағыттарын насихаттайтын барлық мектептердің басын қосады.