Күзет қызметтерінің сапасын ҚР ІІМ, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР күзет ұйымдарының қауымдастығы өкілдері енген комиссия бағалады. Байқау қорытындысы бойынша қостанайлық ұжым «2019 жылғы үздік жеке күзет ұйымы» атанды.
«ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы қаулысымен 29 қазан күзет ұйымдарының мерекесі болып бекітілді. Күзетшілер өздеріне үлкен жауапкершілікті арқалаған, қоғамның нағыз сақшыларына айналды. Еңбегі ел көлемінде бағаланған «Центр Безопасности KZ» ЖШС ұжымының жетістіктері қуантады. Жалпы, Қостанай облысының аумағында 200 күзет ұйымы тіркелген. Полиция қызметкерлері күзет құрылымдарының басшыларымен бірге мүліктерді сақтаудың жаңа әдістерін үнемі енгізіп келеді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында күзет ұйымдары мобильді қосымшалар арқылы заманауи қызмет көрсетуге көшуде», - дейді Қостанай облысы ПД күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Нұрмұхамед Сейітжанов.
Полицейлер өңір тұрғындарына өз пәтерлері мен үйлерін жеке күзет ұйымдарына күзетуге тапсыру арқылы өз мүлкін қорғауды ұсынады. Күзет құрылымдарының қызметтерін Рудный, Арқалық, Лисаков, Жітіқара, Қостанай, Әулиекөл, Қарабалық және Меңдіқара аудандарында пайдалануда.
«Осы салада көп жыл еңбек етіп келемін. Басында қиыншылықтар болды. Дегенмен, ішкі істер органдарында істеген тәжірибемнің арқасында ісім алға басты. Бұл жеңіс біз үшін маңызды», - дейді «Центр Безопасности KZ» директоры Людмила Васильевна.