Қазақстанның шахмат федерациясының рейтингі бойынша еліміздің ең мықты шахматшысы Алматыда балалармен 28 тақтада қайырымдылық сеансын өткізді. Шара Тәуелсіздік күні мерекесіне арналды.
Айта кететін мәселе, шараға Қазақстанның тәуелсіздігіне қанша жыл толса, сонша ойыншы қатысы. Ойыншылардың кейбірі еліміз бен Алматы қаласының, тіпті Азия чемпионаттарының жүлдегерлері.
Жас жеткіншектерді әп-сәтте-ақ ұта салмақ болған гросмейстердің сөзінше, балалармен бақ сынасу оған оңайға соқпаған. Сөйтіп, болашақ чемпиондармен 4 сағат бойы арпалысқан гросмейстер балалардың кейбірімен тең түссе, кейбірінен тіпті ұтылып та қалған.