«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы - елордалық тауарөндірушілердің бәсекелестігін арттырып, өндіріс ықпалын күшейтуге жаңа серпін берді. Жүргізілген сараптамаға сәйкес биылғы жылы байқауға қатысушылардың саны артқанын байқадық, осыған орай: қатысушылардың 25% - өткен жылғы кәсіпорындар болса, 75% - жаңа компаниялар құрайды. Басты ерекшелік аты аталмаған жаңа компаниялардың қызығушылық танытып, байқаудың жоғары беделін түсінгендігінде. Байқау жүлдегерлерінің келесі мүддесі республикалық байқаудан сүрінбей өтіп, ТМД елдерінен бастап, алыс-жақын шетелдегі додадаларда биік белестерді бағындыру», деп түйіндеді Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов.
Сонымен «Өңдірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болған кәсіпорындар мыналар: «ASTANA Ютария ltd» ЖШС өндірістік инновациялық компаниясы, «Теңіз+ компаниясы» ЖШС, «Stone House» ЖШС.
«Тұрғындарға арналған үздік тауарлар» номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болған кәсіпорындар: «Алтын Орда» авторлық дизайн үйі, Астана қаласының «Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі, «ДД21» ЖШС- корпустық жиһаз өндірісі.
«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында бас жүлдені қанжығасына байлаған компаниялар:
«Цесна Мак»ЖШС, «Апрель 2030» ЖШС.
Салтанатты марапаттау рәсімінде «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының жүлдегерлеріне арнайы мүсіншелер және естелік сыйлықтар табысталды, ал барлық қатысушылар дипломдар мен алғыс хаттарға ие болды.Үздік деп танылған компаниялар жыл соңында өткізілетін республикалық көрме-байқауға жолдама алды.