Қазақстанның валюта нарығы тұрақты - ҚР Ұлттық банкі төрағасы

None
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанның валюта нарығы тұрақты. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қымзетінде өткен брифингте ҚР Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

Еліміздің қаржы нарығындағы жағдайға кеңінен тоқталған ол: «Валюта нарығындағы ахуал тұрақты. Ұлттық валютаға әсер ететін ешқандай жайт орын алған жоқ. Ұлттық банк теңгенің курсы үшін өзіндік саясатын жүргізе бермек. Елімізде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету - Ұлттық банк үшін басым міндет», - деді.