«Қазіргі таңда мүгедектерге қатысты мәселелер өте көп. Әлеуметтік көлік және инфрақұрылымдық нысандардың 77 пайызы мүгедектерге қолжетімсіз. Мектепке дейінгі мекемелердің 96 пайызында және мектептердің 83 пайызында инклюзивті білім беруге жағдай жасалмаған. Мүгедектерде қолжетімді ортаны заңнамалық және нормативтік реттеу жетілдірілмеген. Қолжетімді ортаны құру үшін мемлекеттік биліктің, бизнестің және қоғамдық ұйымдардың өзара қарым-қатынасы жоқ. Әзірленген заң жобасы мүгедектерді саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және ҚР Конституциясында, сондай-ақ, еліміз қатысатын Халықаралық шарттарда көрсетілген басқа да құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда барлық азаматтармен тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге бағытталған», - дейді С. Жақыпова.
Ата кетейік, заң жобасы 24 нормативтік-құқықтық актіге, оның ішінде 4 кодекске өзгерістер енгізеді.
«Өзгертулер мен толықтырулар бойынша вокзалдар мен әуежайларда қолжетімді орта құру, жолаушылар аялдамасын жайластыру, арнайы жол белгілері мен сілтегіштерді, дыбыстық құрылғыларды орнату, теміржол құрамын мүгедектерге қолжетімді вагондармен жабдықтау, инватакси қызметін дамыту, көлік инфрақұрылымы маңында орындар ұйымдастыру, жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын көлік қызметкерлерін мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына оқыту сияқты шаралар қарастырылған», - деп түсіндірді вице-министр.