Қазақстанның волейболшы қыздары Гуанчжоудағы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды

БЕЙЖІҢ- ГУАНЧЖОУ. 27 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Гуанчжоуда өтіп жатқан XVI Азия ойындарында Қазақстанның волейболдан әйелдер құрамасы қола жүлдеге ие болды.

Біздің қыздар Солтүстік Корея құрамасынан мықты екендіктерін дәлелдеп, үшінші орынға ие болды. Есеп 3:0 (25:21, 25:16, 25.22).

Жалпы командалық есеп бойынша Қазақстан құрамасы 5-ші орында. Отандастарымыз 79 медаль, соның ішінде 18 алтын, 23 күміс және 38 қолда жүлдені қанжығаға байлады.