Қазақстанның жағажай волейболшылары «Гранд Слэма» әлемдік турының Австриядағы кезеңін 17-ші болып аяқтады

АЛМАТЫ. 23 шілде. ҚазАқпарат - Австриядағы Клагенфуртта 17-22 шілде күндері жағажай волейболынан «Гран Слэма» әлемдік турының кезеңдік жарысы өтті.

Онда ерлер арасындағы Қазақстан құрамасының үздігі Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко 17-орын алды. Соның нәтижесінде рейтингтік қоржындарына 160 ұпай қосты.

Бұған дейін олар  3-8 шілдеде  Швейцарияда, 10-14 шілдеде  Германияда өткен кезеңдік додаларда 9-орын алып, 320 ұпайдан олжалаған  болатын. Ал 22-27 мамырда  Чехиядағы  «Patria Direct Prague Open» кезеңінде тоғызыншы (240 ұпай) және   Қытайда 8-13 мамырда  «Bejing Grand Slam» кезеңінде 25-ші, (80 ұпай), 1-6 мамырда «Shanghai Grand Slam» кезеңінде  17-ші (160 ұпай),  сондай-ақ 24-29 сәуірде  Польшада «Silesia Open» кезеңінде 13-ші (180 ұпай) орыннан көрінген еді. Енді «Гранд Слэма» әлемдік турының 14-19 тамызда Польшада өтеді ақтық кезеңіне  қатыспақ.