Қазақстанның жағажай волейболшылары «SWATCH WORLD TOUR 2012» жарысының Тайландтағы кезеңінде 5-ші орын алды

АЛМАТЫ. 29 қазан. ҚазАқпарат - Кеше Тайландта жағажай волейболынан әйелдер арасындағы «SWATCH WORLD TOUR 2012» жарысының

«Open powered by PTT» кезеңі өз мәресіне жетті. 23 қазанда басталған бұл байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова жұбы үздік бестіктің қатарынан орын алды. Ширек финалда американдықтарға есе жіберен олар 5-орынға табан тіреп, рейтингтік қорын 360 ұпайға ұлғайтты. Бұл қазақстандық спортшылардың ел тарихында әйелдер арасындағы «SWATCH WORLD TOUR 2012» додасында қол жеткізген ең жоғарғы нәтижесі болып отыр. Енді олар 1-4 қараша күндері Қытайда өтетін Азия чемпионатында өнер көрсетпек.