Сергей Богату мен Дмитрий Яковлев жерлестері Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченкоға екі сетте есе жіберді - 0-2 (14-21, 16-21).
Сидоренко мен Дьяченко осы кезде ең мықты қазақстандық жағажай волейболшылары саналады және олар 2011 жылы Сатундағы жетістіктерін тағы қайталады.
Сатундағы турнирде ерлер арасында бірінші орынды ирандық Б. Салеми/А.Вакилиді жеңген катарлық Ахмед Тиан/Шериф жеңіп алды.