Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақстандағы президенттік сайлау: қорытындылары және одан арғы перспективалары» атты тақырыпта өткен еуразиялық желінің II отырысында Мәскеу мемлекеттік университетінің ақпараттық-талдау орталығының директоры Алексей Власов айтты.
«Қазақстанның басшысы командасымен мықты. Бұған кезектен тыс сайлау барысында нақты көз жеткіздік. Нұрсұлтан Назарбаевтың арқа сүйер азаматтары бар екендігі күмәнсіз. Алайда Президенттің бастамаларын батыл қолдаушылар аймақтарда да көп болуы тиіс. Сондықтан басқарушылық менеджмент елдің ішкі саяси жағдайындағы шешімін табуы тиіс маңызды мәселелердің бірі», - деді сарапшы.