деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"90-шы жылдары жалпы ішкі өнімнің құрылымында ауыл шаруашылығының үлесі 34 пайыз болды. Ол кейін күрт құлдырап, тек соңғы жылдары қайта жанданып, қазір 10 пайызға жуықтады. Қазақстан жалпы аграрлық мемлекет саналады. Біздің бренд - ет, ұн, астық", дейді Экономика институтының директоры Оразалы Сәбден. Ғалымның айтуынша, брендті сақтап қалу үшін ауыл шаруашылығы саласын әлі де дамыту қажет. Оның жалпы ішкі өнімдегі үлесін кемінде 25 пайызға жеткізу керек. Бұл экономиканың дамуын орнықтыруға өз септігін тигізеді.